A+ A A-

talgatzhan 45 Кеше, 12:15 0

Жастар заңды біле ме? – Өскеменде интерактивті диалог өтті

Бүгін / Өскемен

Өңірде жастар арасында құқықтық сауаттылықты арттыруға бағытталған «Жастар – заң мәдениеті жолында» атты интерактивті диалог өтті, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Аталған шараға облыстық прокуратура өкілдері, тәжірибелі заң мамандары, сондай-ақ жастар ұйымдары өкілдері қатысты. Шара барысында спикерлер жастарға заң талаптарын сақтау, құқықтық мәдениетті қалыптастыру, құқық бұзушылықтың алдын алу және қоғамдағы заң мен тәртіп маңыздылығы жөнінде кеңінен түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Сонымен қатар, түрлі өмірлік жағдайлар мысалға алынып, заңсыз жолмен ақша табудың салдары мен жауапкершілігі туралы жан-жақты ақпарат берілді. Аталған интерактивті диалог қаңтар айының басынан бері тұрақты түрде ұйымдастырылып келеді. Биыл бұл бағыттағы шара екінші рет өткізіліп отыр. Акция өткен жылдан бері университет және колледж студенттері арасында жүйелі түрде өткізіліп, жастардың құқықтық білімін арттыруға оң әсерін тигізіп келеді. Шараның басты мақсаты – жастар арасында заң мен тәртіпті дұрыс насихаттау, құқық бұзушылықтың алдын алу, сондай-ақ алаяқтық, заңсыз табыс көздері мен теріс әрекеттерден сақтандыру.
– Мұндай кездесулер жастардың құқықтық сауатын арттырып қана қоймай, олардың заңға деген жауапкершілігін күшейтуге ықпал етеді. Біз жастарға өз құқықтары мен міндеттерін дұрыс түсіндіріп, кез келген күмәнді ұсыныстардан аулақ болуға шақырамыз, – деді Жастар ресурстық орталығының бас маманы Темірлан Базылханов.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, алдағы уақытта да осындай мазмұнды кездесулер өңірдің білім беру ұйымдарында жалғасын табады.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив