A+ A A-

talgatzhan 0 Бүгін, 09:35 0

ШҚО-да қаруды заңсыз сақтағандар анықталды

Бүгін / ШҚО

Өңірде «Қару» жедел алдын алу шарасы өтіп жатыр, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі. 

Полиция қызметкерлері бірқатар ауданда қаруды заңсыз сақтағандарды анықтады.

- Шемонаиха ауданында 29 жастағы тұрғынның шаруашылық құрылыстарынан қолдан жасалған, тегіс ұңғылы аңшылық мылтығының кесіндісі табылып, тәркіленді. Аталған қарудың қолдан жасалғаны анықталды. Ал Ұлан ауданының тұрғынының үйін тінту барысында тегіс ұңғылы мылтықтың кесіндісі тәркіленсе, Үлкен Нарын ауданында 37 жастағы тұрғынынан аңшылыққа арналған тегіс ұңғылы мылтықтың кесіндісі табылды, - делінген ШҚО Полиция департаментінің ақпаратында. 

Анықталған фактілер бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Материалдар әрі қарай тексеру үшін сотқа жолданды.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив