A+ A A-

talgatzhan 27 Бүгін, 09:45 0

«Торпедо» хоккей клубы Континенталдық кубокты сенімді жеңіспен бастады

Бүгін / ШҚО / Спорт

Өскеменнің «Торпедо» хоккей клубы Континенталдық кубоктың топтық кезеңіндегі алғашқы матчында Данияның «Хернинг Блю Фокс» командасын айқын басымдықпен жеңді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі. 

Ұлыбританияның Ноттингем қаласында өткен кездесу 6:2 есебімен аяқталды.
Өскемендік ұжым сапында Никита Колобов дубль авторы атанса, Михаил Рахманов, Максим Мусоров, Дмитрий Гренц және Илья Кляузов бір-бір шайбадан соқты.
«Торпедо» Еуропадағы ең беделді клубтық турнирлердің бірі саналатын Континенталдық кубокта еліміз бен Шығыс Қазақстан облысының намысын абыроймен қорғап, отандық хоккей мектебінің жоғары деңгейін тағы бір мәрте дәлелдеді.
Топтық кезең аясындағы келесі ойынын командамыз ертең Францияның «Анже-Дакс» клубына қарсы өткізеді. Топ жеңімпаздары турнирдің алтын жүлдесі үшін күресті 18 қаңтарда жалғастырады.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив