Алтай аудандық полиция бөліміне қала тұрғынынан үйінің ауласынан өзіне тиесілі «ВАЗ-2107» маркалы көлігінің ұрланғаны туралы арыз түсті, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Аталған факті бойынша «Автомобильді немесе өзге де көлік құралын жымқыру мақсатынсыз құқыққа сыйымсыз иеленіп алу» бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.
Жедел іздестіру шараларының нәтижесінде 21 жастағы күдікті анықталып, ұсталды. Ұрланған автокөлік табылып, заңды иесіне қайтарылды.
Пікірлер