Күн сайын жолаушы тасымалдауы тиіс 19 қоғамдық көліктің орнына қазір оншақтысы ғана жолға шығады, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі inbusiness.kz сайтына сілтеме жасап.
Трамвай – өндірістік қаланың ажырамас бөлігіне айналған күре тамыры іспетті. Себебі аталған көлік жүйесі 65 жылдан бері жолаушыларды діттеген жеріне жеткізіп келеді.
Техникадан бөлек электр желілері мен темір жолы да 85 пайызға тозған.
Жолаушы тасымалдаушы компанияның бас инженері Михаил Чайканың айтуынша, трамвайлар Өскемен қаласына өте қажет. Бір вагонның өзі күніне мыңға тарта адам отырады. Егер күніне 12 вагон шықса, демек 10 мың жолаушыны тасиды.
Жолаушы тасымалына жауапты компанияда 25 вагон бар. Соның басым бөлігі ескі. Сондықтан жиі бұзылады. Көнерген көліктерге қосалқы бөлшек те тапшы.
– Біз бұл жағдайдан хабардармыз. Жолаушы тасымалын жақсарту үшін былтыр 3 трамвай сатып алынды. Биыл тағы үшеуі алынады. Оған бюджеттен 1 млрд теңге бөлінді. Жыл сайын техникаларды жаңартып отырамыз, – деп мәлімдеді қала әкімінің баспасөз хатшысы Азат Қасымов.
Трамвай сатып алумен мәселе түбегейлі шешілмейді. Себебі шойын жол мен электр желілері де әбден ескірген.
- Ал, оларды жаңарту үшін кемінде 10 млрд теңге қажет, – дейді мамандар.
Пікірлер