2025 жылдың қаңтар–желтоқсан айларының қорытындысы бойынша пайдалануға берілген тұрғын үйлердің жалпы ауданы 2024 жылмен салыстырғанда 5,1% артып, 20 099,1 мың м2 құрады. Бұл туралы Ұлттық статистика бюросы мәлім етті, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі KAZINFORM сайтына сілтеме жасап.
Бюроның мәліметінше, оның ішінде: 13 523,7 мың м2 – көппәтерлі тұрғын үй болса, 6 416,2 мың м2 – жеке тұрғын үй санатында.
Пайдалануға берілген тұрғын үй көлемі бойынша көшбасшы өңірлер: Астана – 4 812,5 мың м2 Алматы – 2 607,7 мың м2 Шымкент – 1 381,9 мың м2 2024 жылмен салыстырғанда ең жоғары өсім Жетісу (+11%), Алматы (+10,2%) және Қарағанды облыстарында (+9%) тіркелді.
Тұрғын үйлердің негізгі бөлігі, яғни жалпы көлемнің 90% немесе 18 098,8 мың м2 жеке құрылыс салушылар тарапынан пайдалануға берілді. Сонымен қатар халықтың өз күшімен салған тұрғын үйлерінің көлемі 7 120,6 мың м2 құрады.
Жалпы 12 айда 37 219 тұрғын үй ғимараты пайдалануға берілді, оның ішінде 2 591-і көппәтерлі тұрғын үй (185,8 мың пәтер).
Пікірлер