Бұл туралы қалалық прокуратура өкілдері мәлім етті, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Прокуратураның Telegram чат-ботына түскен өтініш негізінде Өскеменде бопсалау оқиғасы анықталды. Баланы қарумен қорқытып, ақша талап етіп отырған.
Тексеру нәтижесінде кінәлілер анықталып, қылмыстық жауапкершілікке тартылды.
Прокуратура бопсалау, қорқыту және қысым көрсету — қылмыстық жауапкершілікке әкеп соғатын әрекеттер екенін еске салады. Мұндай жағдайларда үнсіз қалмай, дер кезінде көмекке жүгіну маңызды.
Тексеру жүргізіп, тиісті шаралар қабылдау тек құқық қорғау органдарына ресми, анонимді емес өтініш түскен жағдайда ғана мүмкін болады.
Әлеуметтік желілердегі анонимді хабарламалар жәбірленушілердің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге мүмкіндік бермейді.
Бопсалау сынды жағдайлар туындағанда полицияға немесе прокуратураға ресми байланыс арналары арқылы жүгіну қажет.
Пікірлер