Бұл туралы ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті өкілдері мәлімдеді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
16 қаңтар сағат 19:00-ден бастап қоғамдық көліктер, дизельді қозғалтқышы бар көліктер үшін келесі республикалық маңызы бар жолдарда шектеу енгізілді:
1. Өскемен - Семей (Герасимовка ауылы - Абай облысының шекарасы, 10-103 шақырым);
2. Өскемен - Риддер - РФ шекарасы (Белоусовка кенті - Риддер қаласы, 15-105 шақырым);
3. Өскемен - Алтай - Үлкен Нарын - Катонқарағай - Рахман қайнарлары (Ушанов ауылы - Рахман қайнарлары, 7-450 шақырым);
4. Алматы - Талдықорған - Өскемен - Шемонаиха - РФ шекарасы (Глубокое кенті - Шемонаиха қаласы - РФ шекарасы, 1104-1212 шақырым);
5. Алматы - Талдықорған - Өскемен - Шемонаиха - РФ шекарасы (Абай облысының шекарасы - Алмасай ауылына бұрылыс, 1013-1062 шақырым);
6. ҚХР шекарасы - Майқапшағай - Қалбатау - Семей - Павлодар - РФ шекарасы - Қалжыр - Марқакөл (Дайыр ауылына бұрылыс - Марқакөл ауылы, 0-124 шақырым);
7. ҚХР шекарасы - Майқапшағай - Зайсан - Қалбатау - Семей - Павлодар - РФ шекарасы (Абай облысының шекарасы - Зайсан қаласына дейін, 1103-1256 шақырым; Зайсан қаласы - ҚХР шекарасындағы Майқапшағай бекетіне дейін, 1258-1321 шақырым).
Пікірлер