«Қазгидромет» 19 қаңтардағы Қазақстан аумағы бойынша ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі KAZINFORM сайтына сілтеме жасап.
Болжамға сәйкес, дүйсенбі күні еліміздің солтүстік-батысы, солтүстігі және оңтүстігінде қар жауады. Солтүстік-батыс пен солтүстікте жаяу бұрқасын мен боран соғады.
Қазақстанның қалған аймақтарында жауын-шашынсыз, аязды ауа райы күтіледі. Республика бойынша тұман, көктайғақ және желдің күшеюі болжанып отыр.
Түнде Шығыс Қазақстан облысында және Абай облысының шығыс бөлігінде қатты аяз -40°C дейін сақталады. Жетісу облысында ауа температурасы -22…-27°C аралығында төмендейді. Маңғыстау облысының солтүстік-шығысында қатты аяз -22°C болады.
Сонымен қатар Шығыс Қазақстан облысының солтүстік және шығыс аудандарында түнгі уақытта өте қатты аяз -45°C дейін жетеді. Бұл өңірлерде ауа райы ерекше төмен температурамен сипатталады.
Пікірлер