Шығыс Қазақстан облысында ақпан айында аязды ауа райы сақталады. Алайда кей күндері күн жылынып кетеді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі KAZINFORM сайтына сілтеме жасап.
«Қазгидромет» РМК ШҚО филиалының мәліметінше, ай соңына дейін өңірде қыс мезгіліне тән ауа райы сақталады.
Ақпанның алғашқы онкүндігінде облыс аумағында күн суық болады. Түнгі уақытта ауа температурасы –20–25 градусқа дейін төмендеп, таулы аймақтарда –33 градусқа дейін жетеді. Күндізгі температура –10–20 градус шамасында болмақ.
Онкүндіктің екінші жартысында аяз сәл бәсеңдеп, сынап бағанасы күндіз –4–9, түнде –14–19 градусқа дейін көрсетеді. Алайда 10 ақпанға қарай аяз қайта күшіне мінеді.
Айдың екінші онкүндігінде ауа температурасы біршама тұрақталады. Түнде –25 пен –14 градус аралығында, күндіз –15 пен –4 градус шамасында болады.
Ақпанның үшінші онкүндігінде күн жылына бастайды. Түнде –5–10 градус, күндіз кей жерлерде –2-ден +3 градусқа дейін көтерілуі мүмкін. Солтүстік аудандар мен таулы өңірлерде түнгі температура –15–20 градусқа дейін төмен болмақ.
Синоптиктердің болжауынша, ақпан айында қар жауып, боран соғуы мүмкін. Бұл Шығыс Қазақстан үшін қалыпты құбылыс.
Пікірлер