Тоқты
Қазір болып жатқан жайт аз уақыттан соң қайта жалғасын табады. Бәлкім қазір араласып жүрген адамдарыңыз алдағы уақытта жақын достарыңызға айналуы мүмкін. Уақытыңызды барынша құр өткізбеңіз.
Торпақ
Қызмет бабымен жоғары көтерілуге болады. Ол үшін қабілет те, тәжірибе де жетеді. Басшылық алдында бар әлеуетіңізді көрсетіп, тырысып бағыңыз. Әріптестер тарапынан қолдау тауып, ұжымның қозғаушы күшіне айналатыныңызға сенім мол.
Егіздер
Ел ішіндегі түрлі өзгерістерді жүрегіңізге жақын қабылдайсыз. Уайымға көп берілмеген жөн. Күрделі тапсырмалар қаптағанда өзіңізді әркез сергек сезінуіңіз аса маңызды. Түрлі құжаттарға қол қоярда жан-жақты қырағы болыңыз.
Шаян
Біреу-міреумен шекісіп қалсаңыз байланысымыз нашарлап кетеді деп үнсіз қала берудің қажеті жоқ. Тамыр-таныстарыңыз кеңес сұраса, білгеніңізбен бөлісіңіз. Кәсіби шеберлігіңіз өзіңіз бойлай бермеген тереңге сүңгуге себепші.
Арыстан
Жасаған жақсылықтың өзіңізге қайтып келетінін ұмытпаңыз. Дегенмен бәріне бірдей көмектесемін деп өзіңіз опық жеп жүрмеңіз. Осы айда қарыздарыңыздан құтылып, қолда қалған қаржыңызбен жаңа жоспар құрасыз.
Бикеш
Апта бойы көңіл-күйіңіз түсіңкі болса да, өзіңізге сыйлық жасап, көтеріп бағыңыз. Көп жайттар сіздің қабылдаған шешіміңізге қарай құбылып шығады. Ми тынықсын десеңіз спортпен көбірек айналысыңыз.
Таразы
Қордаланған жұмыстарыңыз болса апта ортасына дейін тәмәмдап үлгеріңіз. Әйтпегенде басшылықтың басқа тапсырмаларды үймелеуі ғажап емес. Өзіңіз жақын танымайтын адамдарға көп уәде бермеңіз.
Сарышаян
Жақын адамдарыңыздың хал-жағдайын біліп қойғаныңыз жөн. Бауыр еті баласы мен немерелерінің даусын естіп, біршама қуанып қалады. Апта ортасында әлдекім бұрын жасаған қателігіңізді бетіңізге басуы мүмкін.
Мерген
Уақытыңыздың көбін отбасыңыздың ортасында өткізуге тырысыңыз. Бірлесіп бір жаққа саяхаттап келсеңіздер тіптен ғанибет. Тапқан ақшаңызға қалаған затыңызды сатып алсаңыз еш әбестік емес.
Тауешкі
Қандай да бір мәселе шешімін таппай жатса өз ойыңызды білдіруден тартынбаңыз. Бос уақытыңызда үйдегі шаруаларды реттеуге тырысыңыз. Таза әрі жинақы үйден де тыныштық пен жан рахатын табуға болады.
Суқұйғыш
Қандай тапсырма түссе де еш асықпаңыз. Қаржы саласына қатысты сауалдар туынадаса мамандар кеңесіне жүгініңіз. Демалыс күндері кейінге қалдырған жұмыстарыңызды бір жақты етіңіз.
Балықтар
Алға қойған жоспарыңызды орындау үшін түрлі кедергілерге ұшырайсыз. Тапсырма көбейеді. Басшылық та сізге жиі сын айта бастайды. Мұндайда қаңқу сөздерге мән бермей, өз бағытыңыздан айнымасаңыз болғаны.
Пікірлер