ШҚО Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері Өскемен-Риддер тасжолында қалған жолаушыларды облыс орталығына жеткізді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Анықталғандай, олардың көлігі істен шығып қалған. Жолаушыларға медициналық көмек қажет болмады. ШҚО ТЖД өкілдері қолайсыз ауа райында сапарды кейінге қалдыруды, төтенше жағдайда дереу 112 нөміріне хабарласу керектегіні еске салды.
Пікірлер