A+ A A-

talgatzhan 37 21-10-2024, 17:12 0

ШҚО-дағы Феклистовка ауылында медициналық пункттің құрылысы аяқталуда

Бүгін / ШҚО

Жалпы аумағы 195,3 шаршы метрді құрайтын нысан «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» бағдарламасының шеңберінде 212,3 миллион теңгеге салынды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі. 

ШҚО денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің мәліметінше, ауылдық дәрігерлік пунктте медбике жұмыс істейтін болады. 
Нысан қараша айының соңында пайдалануға берілмек. Ал құрылыс жұмыстарын «CEO Group» ЖШС мердігерлік ұйымы жүргізуде. Алтай ауданының әкімдігі хабарлағандай, бүгінде ғимараттың сыртқы қабырғалары жылытылып, қасбеті монтаждалды.
Сонымен қатар еденге кафель төселді, ал қабырғалары сырланып, плитка жабыстырылды. Кәріз құбырлары қойылып, дәретхана мен қол жуғыш орнату жұмыстары аяқталмақ.
Ғимаратқа электр тоғы тартылып, электр жылытқыштары орнатылуда. Қазіргі уақытта өрт дабылы мен бейнебақылау камераларын қойып жатыр. 
Пунктің айналасы да абаттандырылуда. Жауапты мамандардың айтуынша, мұнда көлікке арналған жол мен автотұрақ та болады.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив