A+ A A-

talgatzhan 0 Бүгін, 10:20 0

ШҚО-да 15-тен астам жүк көлігі жолда қалды

Бүгін / ШҚО

17 қаңтарда ауа температурасының күрт төмендеуіне байланысты Өскемен – Алматы тасжолының Ұлан ауданы аумағындағы бөлігінде көлік қозғалысына уақытша шектеу қойылды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Салдарынан 15-тен астам ауыр жүк көлігі жолда қалып, жүргізушілері патрульдік полиция бекетінің жанында күннің жылынуын күтуге мәжбүр болды.

Патрульдік полиция тобының қызметкерлері полиция капитаны Әли Қасымқанов пен полиция аға лейтенанты Манарбек Аубакиров жүргізушілерге көмек көрсетіп, ыстық кофе ұсынды. 

Осы ретте ШҚО Полиция департаменті жүргізушілерден түнгі уақытта алыс сапарға шықпауды және арнайы қызметтердің хабарламаларын мұқият қадағалап отыруды сұрайды.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив