A+ A A-

talgatzhan 0 Бүгін, 10:45 0

Өскеменде бірнеше тұрғын үй сусыз қалды

Бүгін / Өскемен

Бұл туралы қалалық әкімдік өкілдері мәлімдеді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Анықталғандай, 18 қаңтар күні сағат 23:00-де бірнеше ақау тіркелді. Қазір барлық қызмет күшейтілген режимде жұмыс істеуде.
– Таңертең Мирный кенті аумағында суық су апатты түрде өшірілді. Ақау салдарынан көпқабатты және жеке тұрғын үйлер, мектеп уақытша сусыз қалды. Тұрғындар үшін су тасымалы ұйымдастырылып, өтінімдер тәулік бойы қабылдануда.
Сол күні сағат 02:00-де Карбышев пен Виноградов көшелерінде тағы бір апат тіркелді. Қазір жөндеу жүріп жатыр, суды 19-ші қаңтарда қосу жоспарланып отыр, – делінген әкімдік ақпаратында. 
Геологиялық көшесіндегі бір үйде ПИК тарапынан әрекет болмағандықтан, мәселені «Водоканал» бригадасы өз күшімен шешіп, жертөледегі жабдықты ауыстырды. Қазір су берілді.
– Меновное кенті мен Колхозная көшесінде электр сымы үзілген еді. Сол реттеліп, қазіргі жағдай тұрақты. Жылу жүйесінде ақау тіркелген жоқ, облыс орталығында жылу қалыпты режимде берілуде. Қалалық қызметтер жағдайды бақылауда ұстап, ақауларды жою жұмыстарын жалғастырып жатыр, – деп жазылған әкімдік мәліметінде.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив