A+ A A-

talgatzhan 46 22-10-2024, 09:25 0

Келесі жылы Өскеменнен Риддер, Семей және Шемонаихаға баратын жолдар жөнделеді

Бүгін / ШҚО / Өскемен / Риддер / Шемонаиха

Бұл туралы ҚР Көлік министрі Марат Қарабаев Бұқтырма су қоймасы арқылы өтетін көпірдің ашылу салтанатына барған сапарында мәлімдеді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі. 

Министр атап өткендей, биыл ұзындығы 768 шақырымды құрайтын «Талдықорған-Өскемен» республикалық тасжолын қайта жөндеу жұмыстары аяқталса, келесі жылы «Қалбатау-Майқапшағай» жолы қолданысқа берілмек. Ол Ресей мен Қытайды байланыстыратын ең қысқа транзиттік дәлізге айналады.
- 2025 жылы Өскеменнен Риддер, Семей және Шемонаихаға апаратын жолдарды, Катонқарағай ауданы бағытындағы тасжолды жөндеуден өткізбекпіз. Бұл жобалар облыстың логистикалық және туристік әлеуетін арттыратын болады, - деді Марат Қарабаев.
Сондай-ақ ҚР Көлік министрі келесі жылы Мемлекет басшысының тапсырмасына сай Катонқарағай және Зайсан аудандарында әуежайлардың құрылысы басталатынын атап өтті.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив