A+ A A-

talgatzhan 0 Бүгін, 09:30 0

ШҚО-дағы бірқатар ауданда оқушылар онлайн оқиды

Бүгін / ШҚО

Бұл туралы ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің өкілдері мәлім етті, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Бүгін ауа температурасының төмендеуіне байланысты бірқатар ауданда мектеп оқушылары қашықтан оқыту форматына көшірілді. 

Ұлан ауданында 1 ауысымның 0-11 сынып оқушылары, Күршім ауданында 1 және 2 ауысымның 0-11 сынып оқушылары, Алтай ауданында  1 және 2 ауысымның 0-11 сынып оқушылары, Глубокое ауданында Уварово орта мектебіндегі 1 ауысымның 0-4 сынып оқушылары, Катонқарағай ауданында 0-11 сынып оқушылары, Шемонаиха ауданында 1-4 сынып оқушылары онлайн оқиды. 

Бұдан бөлек, Самар ауданында сынап бағанасының төмендеуіне байланысты 18 мектеп қашықтан оқыту форматына ауыстырылды. Тек Пантелеймоновка негізгі мектебі штаттық режимде жұмыс істейді.

Ал Тарбағатай ауданында 28 білім ошағындағы 0-11 сынып оқушылары онлайн оқиды. Жаңаталап орта мектебі штаттық режимде жұмыс істейді. 

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив