A+ A A-

talgatzhan 30 Бүгін, 09:35 0

Өскеменде ауаға тараған екі зиянды зат мөлшері рұқсат етілген шектен асып кеткен

Бүгін / Өскемен

Облыс орталығында ауаға тараған екі зиянды зат мөлшері рұқсат етілген шектен асып кеткені анықталды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі KAZINFORM сайтына сілтеме жасап. 

Қалада кешелі бері жел соқпай тұр. Екінші дәрежелі қолайсыз метеорологиялық жағдай 20 қаңтар күні сағат 20:00-ге дейін жалғасады.

- Бүгін кей зиянды заттардың рұқсат етілген шектен асып кеткені анықталды. Ең көп көрсеткіш күкірт диоксиді бойынша (3,3 есе) және күкіртсутек (3 есе) бойынша тіркелді. Желдің соқпауы атмосферада ластаушы заттардың жиналуына ықпал етеді. Жалпы, қала бойынша ауаның ластану деңгейі жоғары болады деп болжанып отыр, - деп хабарлады «Қазгидромет» РМК облыстық филиалынан.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив