A+ A A-

talgatzhan 30 Бүгін, 11:15 0

ШҚО-дағы бірқатар ауданда аяз беті әлі қайтпады

Бүгін / ШҚО

Шығыс Қазақстан облысының бірқатар ауданында саршұнақ аяз жалғасуда. Кей елді мекендерде ауа температурасы 40 градустан төмендеді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Қатты аязға байланысты қалалар мен аудандарда оқушылар қалыптасқан тәртіпке сай қашықтан оқуды жалғастырып жатыр. 

Атап айтсақ, 20 қаңтар таңертең Глубокое ауданына қарасты Уварово ауылында көшедегі термометрлер −29 градусты көрсетті.

Ал Тарбағатай ауданында ауа температурасы −29−37 градус аралығында, Самар ауданында −26−40 градус аралығында, Катонқарағай ауданында −29−37 градус аралығында, Күршім ауданында −17−37 градус аралығында, Алтай ауданында −34−42 градус аралығында ауытқыды. 

Балауса ОРАЗАЛЫҚЫЗЫ


Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив