A+ A A-

talgatzhan 44 Бүгін, 12:20 0

Өскемендегі кейбір тұрғын үйлерде жылу жеткіліксіз

Бүгін / Өскемен

Облыс орталғының тұрғындары пәтерлерінің суып кеткендігіне шағымдануда. Энергетика саласы мамандардың мәліметінше, қаладағы жылумен жабдықтау желісі штаттық режимде жұмыс істеп тұр, апаттықжағдайлар тіркелген жоқ, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі. 

Әлеуметтік желілерде өскемендіктер тарапынан тұрғын үйлердің салқындығына қатысты пікірлер жиілей түсті. Атап айтқанда, Буров, Қазыбек би, Астана (22-үй), Лев Толстой көшелері мен Абай, Назарбаев (48-үй) даңғылдары.

Өскемен ЖЭО баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, станция температуралық кестеге сәйкес штаттық режимде жұмыс істеп тұр. Апаттық жағдайлар тіркелген жоқ.

– Әдетте ұзаққа созылған аяз кезінде үйлердің қабырғалары суып, ауа температурасы төмендейді, – деп толықтырды мекеме өкілдері.

 

Балауса ОРАЗАЛЫҚЫЗЫ



Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив