A+ A A-

talgatzhan 41 Бүгін, 15:10 0

Елде сәбіз экспортына шектеу қойылмайтын болды

Бүгін / Республика

Отандық фермерлер өз өнімдерін сыртқа еркін сата алады. Бұл қоймаларда жиналып қалған сәбізді бұзылмай тұрып сатып жіберуге мүмкіндік береді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі KAZINFORM сайтына сілтеме жасап.

Сауда және интеграция министрлігінің талабы - сәбіз экспортына үш айлық уақытша шектеу енгізу туралы шешім Үкіметте өткен ведомствоаралық комиссия отырысында қабылданбады.
- Отандық көкөніс өсірушілерге, соның ішінде Ертіс-Баян өңірінің фермерлеріне қуанышты жаңалығымыз бар. Сәбіз экспортына шектеу қойылмайтын болды. Сауда және интеграция министрлігі бұған дейін ел ішінде сәбіз тапшылығы туындап, баға көтеріліп кетуі мүмкін деген болжам жасаған. Бірақ біз шынайы цифрларды дәйекті түрде келтіріп, шаруалардың құқығын қорғап қалдық. Қоймаларда тонналаған сәбіз үйіліп жатыр. Енді фермерлер өз өнімдерін еш алаңсыз сыртқа экспорттай береді, - деп хабарлады Мәжіліс депутаты Нұржан Әшімбетов.
Еске сала кетейік, бұған дейін Ертіс бойының фермерлері сәбіз экспортына шектеу енгізбеуді сұраған еді. Шектеу күшіне енетін болса, көкөніс өсірушілер адам айтқысыз шығынға ұшырап, қойма толы өнімді күресінге лақтырғаннан басқа амал қалмайтынын мәлімдеген. 
Ал депутат Темір Қырықбаев Ұлттық экономика министрі С.М. Жұманғаринге депутаттық сауал жолдап, ауыл шаруашылығы өнімдері экспортына шектеудің тиімділігіне күмән келтіретінін айтқан болатын.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив