Жуырда су құбыры желілерінде бірнеше апат тіркелді. Нәтижесінде жолдардың жекелеген учаскелеріне су жайылып кетті, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
«Таза Өскемен» кәсіпорнының өкілдері мердігер ұйымдармен бірлесіп төтенше жағдайдың салдарын жойды. Дәлірек айтқанда, жолдың өтетін бөлігі тазартылып, су басудың алдын алу, көктайғақ қаупін азайту шаралары қабылданды.
Пікірлер