A+ A A-

talgatzhan 30 Кеше, 14:15 0

Қазақстанда вице-президент лауазымы пайда болады

Бүгін / Республика

Мұндай ұсынысты Мемлекет басшысы Ұлттық құрылтайдың V отырысында жасады, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі inbusiness.kz сайтына сілтеме жасап. 

Қасым-Жомарт Тоқаевтың сөзінше, вице-президентті Парламенттің қарапайым басым дауысының келісімімен Президент тағайындайды.

– Вице-президенттің өкілеттік аясын Мемлекет басшысының өзі айқындайды. Вице-президент Президенттің тапсырмасымен халықаралық форумдар мен шет мемлекеттердің делегацияларымен келіссөздерде Қазақстан Республикасының мүддесін, Парламентте Президенттің мүдделерін білдіретіні, отандық және шетелдік қоғамдық-саяси, ғылыми, мәдени-ағартушылық ұйымдармен өзара іс-қимыл жасайтыны, Президенттің өзге де тапсырмаларын орындайтыны көзделеді. Вице-президенттің қызметтік функционалына қатысты осы негізгі ережелерді Конституция мәтінінде де көрсеткен жөн, – деп нақтылай түсті Қасым-Жомарт Тоқаев.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив