Түркістан облысының Қазығұрт ауданында Қазығұрт – Жібек Жолы тасжолында жантүршігерлік жол-көлік оқиғасы болып, салдарынан үш адам қаза тапты. Тағы бірнеше адам түрлі жарақатпен ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі inbusiness.kz сайтына сілтеме жасап.
Алдын ала мәлімет бойынша, Kia маркалы автокөліктің жүргізушісі рөлге ие бола алмай, Haval автокөлігімен соқтығысқан.
Қазір полиция қызметкерлері оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр. Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде.
Пікірлер