A+ A A-

talgatzhan 30 Бүгін, 17:40 0

ШҚО-ға биыл шамамен 70 инвестициялық жоба тарту жоспарлануда

Бүгін / ШҚО

Облыс әкімі Нұрымбет Сақтағановтың төрағалығымен өткен Өңірлік инвестициялық штаб отырысында Жалпыұлттық инвестициялық пулды өзектілендіру және аймақтағы негізгі жобаларды сүйемелдеу мәселелері қаралды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

ШҚО Туризм басқармасының мәліметінше, бүгінде Жалпыұлттық инвестициялық пулда 62 жоба тіркелген. Оның 18-і пайдалануға берілген, соның ішінде техникалық іске қосылған жобалар да бар. Жалпы инвестиция көлемі 106 млрд теңгеден асады. Барлық жоба іске қосылғаннан кейін үш жыл бойы «бір терезе» қағидаты бойынша сүйемелденеді.

Өңірдің өнеркәсіптік ерекшелігін ескере отырып, негізгі драйверлер ретінде көп қаржы салуды қажет ететін және шетелдік инвесторлардың қатысуымен жүзеге асырылатын жобалар айқындалып отыр.

Қазіргі таңда инвестициялық пулда өнеркәсіп және тау-кен металлургия кешенінде 15 жоба (жалпы құны 632,6 млрд теңге),агроөнеркәсіптік кешенде 11 жоба (36,7 млрд теңге) бар.

Техникалық іске қосу жобаның толыққанды жұмыс істей бастағанын білдірмейді. Өңір үшін басты нәтиже - нақты өнім шығару, тұрақты жұмыс орындарын ашу және бюджетке салық түсімдерінің түсуі.

Қазір жүзеге асырылу сатысындағы және шетелдік капитал құйылған жобалардың саны - 44. Олардың ішінде жалпы құны 242,3 млрд теңгені құрайтын төрт жоба бар, бұл жобалардағы шетелдік инвестиция үлесі 127,3 млрд теңге немесе 52 пайызды құрайды. Атап айтқанда, Германия инвесторларының қатысуымен жүзеге асырылатын «Алатау Литий» ЖШС-нің литий өндіру және өңдеу жөніндегі тау-кен байыту комбинатының құрылысы, қытайлық инвестиция есебінен «Алтай Темір» ЖШС-нің Тишинск су қоймасын тазалау жобасы, Самар ауданындағы «Кузьмич» ЖШС-нің балық өсіру кешенін кеңейту жобасы және басқа да бастамалар.

Инвестициялық штаб отырысында пулға енгізу үшін алты жаңа жоба қаралды. Олардың қатарында  Глубокое ауданында мыс-мырыш кенін өндіру және өңдеу жобасы (Dengbo Success Minerals), «Харвест Қазақстан» ЖШС-нің суармалы жерлерді айналымға енгізу жобасы (35 млрд теңге), Өскемен қаласында «Aurora Residence» қонақүйінің құрылысы мен жаңа өндірістерді іске қосу, Ұлан ауданындағы «Самал Тау» ЖШС-нің балық шаруашылығы кешені бар.

Жиын барысында кейбір қалалар мен аудандардың инвестициялық жобаларды қалыптастырудағы белсенділігі жеткіліксіз екені айтылды. Атап айтқанда, Ұлттық деңгейдегі де, өңірлік пулда да бірқатар аумақтарда жоба мүлде жоқ.

Өз кезегінде аймақ басшысы Нұрымбет Сақтағанов аудандарға инвестиция тарту мәселесі өзінің жеке бақылауында екенін, бұл бағытқа орталық мемлекеттік органдардың да ерекше назар аударып отырғанын атап өтті.

ШҚО Туризм басқармасының басшысы Ержан Сембинов биыл өңірге шамамен 70 инвестициялық жобаны тарту жоспарланып отырғанын жеткізді. Ол үшін барлық қала және аудан әкімдерінің, салалық басқарма басшыларының белсенді жұмыс істеуі қажет екенін айтты.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив