Енді жол ақысын банк қосымшалары арқылы төлеуге болады, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Бүгіннен бастап қаладағы қоғамдық көліктерде қосымша төлем әдісі іске қосылады. Жолаушылар Halyk және Kaspi bank мобильді қосымшаларын пайдаланып, ONAY! QR кодын сканерлеу немесе көлік кодын енгізу арқылы жол жүру ақысын төлей алады.
Сондай-ақ жолаушылар жол ақысын әлі де ONAY! картасы, ONAY! мобильді қосымшасы немесе ұялы телефон балансынан SMS арқылы төлей алады.
Пікірлер