A+ A A-

talgatzhan 36 Бүгін, 09:40 0

ШҚО–да су тасқынының алдын алу шаралары қалай жүзеге асырылып жатыр?

Бүгін / ШҚО

Бұл жөнінде Төтенше жағдайлар министрлігінен мәлім етті, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі inbusiness.kz сайтына сілтеме жасап. 

Елдің бірқатар өңірінде су басу қаупін азайту және халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында су тасқынына қарсы іс-шаралар жалғасуда.

Шығыс Қазақстан облысында тасқын  және еріген қар суы басу қаупі бар елді мекендердің тізбесіне 71 елді мекен енгізілген. 2025 жылы өңірде 28 инженерлік іс-шара жүзеге асырылды. Атап айтқанда, 900 метр қорғаныш бөгеттері жөнделді, жалпы ұзындығы 13 072 метр су бұру арналары тазартылып, тереңдетілді, көпірлер мен автомобиль жолдарын салу және жөндеу жұмыстары жүргізіліп, бір гидротехникалық нысан жөндеуден өтті. 

ШҚО әкімі аппаратының "Ситуациялық орталық" ақпараттық жүйесі базасында су тасқыны жағдайын бақылаудың бірыңғай кешені енгізілді. Ол ГАЖ-модульді, болжам жасау құралдарын және кіріктірілген жасанды интеллект моделін қамтиды. Жүйе 49 гидробекет бойынша 7 тәулікке арналған болжам қалыптастырып, тәуекелдерді алдын ала анықтауға және уақтылы алдын алу шараларын қабылдауға мүмкіндік береді.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив