A+ A A-

talgatzhan 40 Бүгін, 12:00 0

Мемлекеттік рәміздерді қолданудың көрнекі нұсқаулығы жасалады

Бүгін / Республика

Премьер-министрдің орынбасары, Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева Үкімет отырысында мемлекеттік рәміздерді қолданудың бірыңғай тәртібі енгізілетінін айтты, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі KAZINFORM сайтына сілтеме жасап.

- Мәдениет және ақпарат министрлігі заңды және жеке тұлғалар үшін мемлекеттік рәміздерді қолдану тәртібін егжей-тегжейлі реттеуге қатысты жұмыстарды жүргізеді. Сондай-ақ, нормативтік актілерге қажетті өзгерістер енгізіліп, көрнекі нұсқаулықтар дайындалады. Мемлекет басшысының тапсырмасы аясында мемлекеттік рәміздерге ерекше құрмет көрсететін азаматтарды қосымша ынталандыру шаралары әзірленеді, - деді Аида Балаева.
Вице-премьер Қазақстан тәуелсіздік тұғырын одан әрі нығайтуды көздейтін тарихи белеске өткенін атап өтті.
- Бұл үлкен идеологиялық мақсаттар мен игі істер – мемлекеттің адами әлеуеті мен халықтың күнделікті жағдайының тұрақтылығын талап етеді. Міне, осы орайда ел Президенті Үкіметтің әлеуметтік саясатын ерекше атап, бұл саладағы бірінші кезекте шешілуі тиіс мәселелерді атап өтті.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив