A+ A A-

talgatzhan 31 Бүгін, 11:50 0

Алтай ауданының жедел жәрдем автопаркі үш жаңа көлікпен толықты

Бүгін / Алтай

Жуырда өңірдегі жедел жәрдем қызметі 36 жаңа автокөлікке ие болды. Оның үшеуі Алтай ауданына жіберілді. Соңғы рет көліктер 2020 жылы жаңартылған еді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі. 

Су жаңа көліктер Алтай, Серебрянскі қалалары мен Жаңа Бұқтырма кентіне жеткізілді. Әр елді мекенге «ГАЗ Соболь 4×4» маркалы автокөлігі берілді. 

Осылайша, аудан орталығындағы жедел жәрдем қызметінің тұрағы төрт «ГАЗель Next» және бір «ГАЗ Соболь» көлігімен толықты. Бұл бригадалардың қолайсыз ауа райы мен жол жағдайларында шақыртуларға дайындығын арттыруға мүмкіндік береді.

Ал Серебрянскі қаласы мен Жаңа Бұқтырма кентіндегі жедел жәрдем қызметінде екі арнайы көліктен бар. 

 

Балауса ОРАЗАЛЫҚЫЗЫ

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив