Науқастар травматология пункті мен облыстық мамандандырылған медициналық орталыққа жүгінді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Медициналық көмекке жүгінгендердің көбінесе саусақтары мен аяқтары үсіген.
- 15-20 қаңтар аралығында болған қатты аязда 5 адам травматология пунктіне, 4 адам облыстық мамандандырылған медициналық орталыққа келіп түсті. Бірнеше науқас ауруханаға жатқызылды, ал жеңіл үсік шалған бір адам амбулаториялық емге жіберілді, - делінген ШҚО Денсаулық сақтау басқармасының ақпаратында.
Анықталғандай, науқастардың арасында баспанасыз адамдар тіркелмеген.
Пікірлер