A+ A A-

talgatzhan 30 Бүгін, 12:50 0

Шемонаиха ауданында жаңа көпір салынады

Бүгін / Шемонаиха

Осы жылы ауданда Үбі өзені арқылы жаңа көпірдің құрылысы басталады. Жобаның құны 8 млрд теңгеге бағаланып отыр, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Қазір жобалау-сметалық құжаттама дайындалып, мемлекеттік сараптамадан өтті.

Жаңа нысан шекаралық аудан үшін маңызды саналады. Себебі Омбы-Майқапшағай тасжолы Шемонаиха арқылы өтіп, Қытайдан Ресейге жүк тасымалданады. 

Ал ескі көпір 1962 жылы салынған. Ол бірнеше рет жөндеуден өткенімен заманауи талаптарға сай келмейді. Қазір көпір арқылы салмағы 23 тоннадан аспайтын көліктер ғана жүре алады. 

Айта кетейік, жергілікті мердігерлер жаңа нысанды салу үшін тендерге қатысуға ниет білдіріп отыр.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив