Дербес деректердің жаппай тарап кетуі үшін қылмыстық жауапкершілікті енгізу ұсынылды. Бұл туралы Жасанды интеллект және цифрлық даму бірінші вице-министрі Ростислав Коняшкин Үкімет отырысында айтты, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі inbusiness.kz сайтына сілтеме жасап.
Жасанды интеллект және цифрлық даму бірінші вице-министрінің сөзінше, ведомство цифрлық деректердің кез келген тарапқа кетуіне қатысты "нөлдік төзімділік" саясатына көшеді.
- Осы мақсатта біз қауіпсіздік талаптарын орындамағандарға әкімшілік айыппұлдардың шегін бірнеше есе арттырып, 5000 АЕК-ке дейін жеткіземіз. Бұдан бөлек дербес деректердің жаппай тарап кетуі үшін қылмыстық жауапкершілікті енгізуді ұсынамыз, – деді Ростислав Коняшкин.
Ол цифрлық трансформация азаматтардың қауіпсіздігіне нұқсан келтірмеуі керек екенін баса айтты. Коняшкиннің айтуынша, жеке ақпаратқа жауапсыз қараудың кез келген фактісі қатаң жазалануы қажет.
Пікірлер