31 қаңтарда жатыр мойны обыры туралы ақпараттандыру айлығы аясында елдегі онкологиялық орталықтар Ашық есік күнін ұйымдастырады, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Ашық есік күні сағат 09:00-ден 13:00-ге дейін өтеді. Келушілер гинекологиялық онкологтан тегін кеңес алып, талдау тапсыра алады. Тек қана жеке куәлігіңізді болса жеткілікті.
- Жатыр мойны обыры әйелдерде кездесетін қатерлі ісіктердің ішінде екінші орында тұр. Жыл сайын 1800-ден астам жаңа жағдай анықталады. Бұл дерт ерте кезеңдерде еш симптомсыз өтеді. Ол тек жоспарлы скрининг кезінде анықталады, - делінген онкологиялық орталық берген ақпаратта.
Естеріңізге сала кетейік, ШҚО Көпсалалы онкология және хирургия орталығы Потанин көшесі, 6 мекенжайында орналасқан.
Пікірлер