Өңірде қысқы балық аулау маусымына байланысты мұз үстіндегі қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында профилактикалық рейдтер жүргізілуде, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
ШҚО ТЖД құтқарушылары мұз астынан балық аулайтын адамдар жиі жиналатын су айдындарында түсіндіру жұмыстарын ұйымдастырып жатыр. Мамандардың айтуынша, ылғи мұз үстінде жүру қауіпті. Сол себепті рейдтердің басты мақсаты – қауіпсіздік ережелерін еске салу және жазатайым оқиғалардың алдын алу. Іс-шаралар тәуліктің қараңғы уақытында да өткізіледі.
ШҚО ТЖД Төтенше жағдайларды жою басқармасының бастығы Эльдар Шаймардановтың сөзінше, өңірде 300-ге жуық профилактикалық рейд ұйымдастырылған.
– Су айдындарындағы қауіпсіздік ережелеріне сәйкес мұз қалыңдығы 25 сантиметрден кем болған жағдайда су бетіне шығуға болмайды. Нәтижесінде ереже бұзған 31 балықшы “ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 412-бабын бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды, – деді ол.
Айта кетейік, мұз үстіне шыққан кезде ысқырық, құтқару жилеті, құтқару шильці, арқан, таяқ және су өткізбейтін пакетке салынған ұялы телефон болуы қажет.
Пікірлер