A+ A A-

talgatzhan 30 Бүгін, 15:55 0

«Үміт» балаларды қолдау орталығының тәрбиеленушілері хореографиялық байқауда жеңіске жетті

Бүгін / ШҚО

Алматыда өткен «Асыл арман-2026» халықаралық көпжанрлық хореографиялық байқауға қатысқан олар бас жүлдеге ие болып, Түркия еліне жолдама алды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Жарысқа мекемеден барлығы 39 тәрбиеленуші мен 35 қызметкер барып, ашылу салтанатында «Ана мен бала» вальс биін орындады. Жалпы байқауға 30 түрлі ұйымнан 1380 бала қатысқан.

- Бізге мәдени демалыс ұйымдастырылып, естен кетпес әсерлі сәттер мен сыйлықтар тарту етілді. Сонымен қатар Алматы қаласының көрікті, әсем жерлерімен, «Заманауи өнер» мұражайымен танысып, «Шымбұлақ» демалыс аймағында демалуға мүмкіндік жасалды. Ұйымдастырушылар мен қолдаушыларға мың алғыс!, - дейді орталық тәрбиеленушісі Асанат Шойынбаев.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив