A+ A A-

talgatzhan 30 Бүгін, 17:00 0

"Семей орманы" резерваты аумағында сирек кездесетін сілеусін көзге түсті

Бүгін / Республика

"Семей орманы" мемлекеттік табиғи резерватының қызметкерлері қорғалатын аумақта мекендейтін сирек кездесетін сілеусінді бейнежазбаға түсіріп алды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі inbusiness.kz сайтына сілтеме жасап. 

Жыртқыш Бөкебай филиалына қарасты Шадрухин орманшылығы аумағында жоспарлы тексеріс барысында көзге түскен. 

Сілеусіндер жасырын, негізінен түнгі өмір салтын ұстанады және адам көзіне өте сирек түседі. Сондықтан мұндай бақылаулар жиі бола бермейді. Мамандардың айтуынша, сілеусіннің орманда болуы экожүйенің саулығы мен табиғи ортаның өміршеңдігін көрсетеді, ал жыртқыштың аңшылық қабілеті экологиялық тепе-теңдікті сақтауда маңызды рөл атқарады.

- Резерват аумағында аң аулауға қатаң тыйым салынған. Мұндай қорғау шаралары табиғи байлықтарды сақтауға және сирек кездесетін жануарлар түрлерінің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Әрбір тірі ағза – орман экожүйесінің ажырамас бөлігі, ал оларды қорғау – баршамыздың ортақ міндетіміз, – деп еске салды "Семей орманы" әкімшілігі.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив