21 қаңтарда облыстағы барлық білім беру ұйымында «Заң және тәртіп» идеологемасы аясында құқық қорғау органдары өкілдерінің қатысуымен құқықтық қонақжай форматындағы Бірыңғай сынып сағаты ұйымдастырылды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Өскемен қалалық білім бөлімінің ақпаратынша, бұл бастама өскелең ұрпақ арасында заң қағидаттарын, жеке жауапкершілік пен қоғамдық тәртіпті терең түсінуге бағытталған.
Оқушылар үшін жағдаяттық тапсырмаларды шешуге арналған викториналар, құқықтық квестер, дәрістер мен рөлдік ойындар ұйымдастырылып, құқықтық сауаттылықты арттыруға және заңға құрметпен қарауды қалыптастыруға ықпал етті.
9 сынып оқушыларыкәмелетке толмағандардың қылмыстық жауапкершілігі, сыбайлас жемқорлық тәуекелдері, құқыққа қарсы әрекеттерге делдал болу, кибербуллинг пен цифрлық алаяқтық мәселелері талқылады. Бұл тақырыптар «Заң және тәртіп» күн тәртібіне тікелей қатысты өзекті мәселелер қатарында.
Ал 10–11 сынып оқушыларына құқық қорғау органдарының қызметкерлері 18 жастан бастап туындайтын қылмыстық жауапкершілік тетіктерін түсіндіріп, әкімшілік жауапкершілік, киберкеңістіктегі қауіп-қатерлер мен сыбайлас жемқорлық тәуекелдері жөнінде мәлімет берді.
5 және 8 сынып оқушылары үшін қықтық сана, заң мен тәртіпті сақтау мәдениетін қалыптастыруға бағытталған профилактикалық әңгімелер өтті.
Аталған іс-шараларға 60 мыңнан астам оқушы мен педагог, 54 құқық қорғау органының қызметкері қатысты.
Пікірлер