A+ A A-

talgatzhan 0 Бүгін, 09:20 0

ШҚО-ға Премьер-Министрдің кеңесшісі келді

Бүгін / ШҚО

Премьер-Министрдің тапсырмасына сәйкес Шығыс Қазақстан облысына жұмыс сапарымен ҚР Премьер-Министрінің кеңесшісі Ермек Маржықпаев пен ҚР Үкіметі Аппаратының өңірлік инспекторы Мақсұт Әбдиев келді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Сапар барысында Үкімет өкілдері Ұлан ауданына қарасты Отрадное ауылындағы сумен жабдықтау және су бұру нысандарының құрылысы мен қайта жаңғырту жұмыстарының барысымен, Өскемендегі Пограничная – Тоғас көшелерінің бойындағы КНС-17-ден шығатын коллектор учаскелерінің реконструкциясымен, Комсомольский (Лесхоз) кентіндегі су құбыры желілерін жаңғырту жұмыстарымен, Согра жылу электр орталығының қазіргі жай-күйімен танысты.

Бүгінде облыстағы қала және ауыл тұрғындарының 100 пайызы орталықтандырылған сумен жабдықтауға қол жеткізген. Су бұру жүйесімен қамту деңгейі қалаларда 80,6%-ды, ауылдарда 30,9%-ды құрайды. Жылумен қамту көрсеткіші 88,5%-ға жетсе, табиғи газбен газдандыру деңгейі 3–4% шамасында сақталып отыр.

Инфрақұрылымдық жобаларды кешенді түрде жүзеге асыру коммуналдық жүйелердің сенімділігін арттыруға, халықтың өмір сүру сапасын жақсартуға және облыстың тұрақты дамуын қамтамасыз етуге бағытталған.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив