Бұл туралы ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің өкілдері мәлім етті, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Бүгін Үлкен Нарын ауданында ауа температурасының -30 градустан -32 градусқа дейін төмендеуіне байланысты Қ.Дамитов атындағы орта мектебі мен Үлкен Нарын орта мектебінің бірінші ауысымдағы 0-4 сынып оқушылары қашықтан оқу форматына көшірілді.
Бұдан бөлек, Алтай ауданында сынап бағанасының -28 градустан -35 градусқа дейін төмендеуіне байланысты Чапаев орта мектебі, М.Харин атындағы бастауыш мектебі, Полянское орта мектебі, Путинцево орта мектебі, Леснопристань орта мектебі, Зубовск орта мектебі, Подорленок бастауыш мектебі, Средигорное орта мектебі, Никольск орта мектебі, Бородино орта мектебі, Маяк орта мектебі, Октябрьск орта мектебі, Новокрестьянка бастауыш мектебінің бірінші және екінші ауысымдағы 0-4 сынып оқушылары онлайн оқиды.
Тұрғысын орта мектебінің 0-9 сынып оқушылары, Соловьев орта мектебі, Первомайское орта мектебі, М.Бикетов атындағы орта мектебінің 0-11 сынып оқушылары қашықтан оқу форматына көшірілді.
Пікірлер