A+ A A-

talgatzhan 34 Бүгін, 09:50 0

Өскеменде екі адамды көлік қағып кетті

Бүгін / Өскемен

Оқиға кеше Қазақстан көшесінде болды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі. 

ШҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің ақпаратынша, Hyundai Elantra маркалы көлігінің жүргізушісі реттелмейтін жаяу жүргіншілер өткелінде екі адамды қағып кетті. 

- Салдарынан 44 және 18 жастағы екі адам зардап шекті. Қазір оқиғаның мән-жайы анықталуда, - делінген ШҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің ақпаратында. 

Айта кетейік, жаяу жүргіншілер өткелі Қазақстан, 118 көшесіндегі №118 үйге қарама-қарсы орналасқан. 

 

Балауса ОРАЗАЛЫҚЫЗЫ

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив