A+ A A-

talgatzhan 30 Бүгін, 10:20 0

Өскемен тұрғындарынан абаттандыру бойынша өтінімдер қабылдануда

Бүгін / Өскемен

Іріктеуден өткен жобалар 2027 жылы жүзеге асырылады, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.  

20 қаңтардан бастап облыс орталығында «Халық қатысатын бюджет» (ХҚБ) жобасы аясында тұрғындардың 2027 жылға арналған жобалық ұсыныстарын қабылдау басталды. Өтінім беру мерзімі – 1 наурызға дейін.
Өтінімді әр азамат жеке немесе топ болып келесі бағыттар бойынша бере алады: 
1. аумақты көгалдандыру;
2. тротуарларды абаттандыру;
3. тротуарлар, пандустар, арықтар салу және жөндеу;
4. ортақ пайдаланылатын орындарды (саябақтар, скверлер, жаяу жүргінші аймақтары, көшелер және басқа да нысандар) салу, жөндеу және жарықтандыру;
5. бордюрлерді, брусчатканы, тіреу қабырғаларын жөндеу;
6. қоқыс үйінділерін жою;
7. ортақ пайдаланылатын орындарда орындықтар, қоқыс жәшіктері, ойын және демалыс жабдықтарын орнату, жөндеу;
8. спорт және ойын алаңдарын орнату, жөндеу, жарықтандыру;
9. санитарлық жағдайды қамтамасыз ету.
Өтінімнің басқа тұрғындардың тарапынан электрондық жазба арқылы қолдауы маңызды. Қол саны неғұрлым көп болса, ұсыныстың іріктеуден өтіп, бюджеттік қаржыландыру алу мүмкіндігі соғұрлым жоғары болады.
Өтінімдерді рәсімдеу бойынша Аумақтық басқару орталығынан кеңес алуға болады. Олар қала әкімдігінің сайты арқылы қабылданады.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив