A+ A A-

talgatzhan 32 Бүгін, 11:40 0

Өскеменде пробация бөлімі қызметкерлері балабақша аумағындағы қарды күреп берді

Бүгін / Өскемен

Шығыс Қазақстан облыстық ҚАЖД сол жағалау аудандық пробация бөлімі қызметкерлері өскемендік еріктілермен бірлесіп, қаладағы балабақшалардың бірінің қарын күреп берді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Мұндағы басты мақсат – балалардың қауіпсіз қозғалысын қамтамасыз етіп, мекеме қызметкерлері үшін қолайлы жағдай жасау. Аталған игі іс қоғамға пайдалы бастамалардың айқын көрінісі. Айта кетейік, пробация қызметі есепте тұрған азаматтармен жұмыс жүргізумен қатар, әлеуметтік жауапкершілікті арттыруға бағытталған түрлі қайырымдылық және қоғамдық шараларға белсенді түрде қатысып келеді.
Пробация қызметінің аға инспекторы, аға лейтенант Қайым Ожиқанов балалар қауіпсіздігі мен жайлы орта қалыптастыру – баршаға ортақ міндет екенін атап өтті. 
– Осындай игі істер арқылы қоғамға пайда тигізіп, азаматтық жауапкершілікті арттыруды мақсат етеміз, – деді Қайым Ожиқанов. 
Ал сол жағалау аудандық пробация бөлімі басшысының орынбасары, әділет капитаны Гүлжан Мұхтарбекқызының сөзінше, пробация қызметі тек есепте тұрған азаматтармен шектелмей, әлеуметтік маңызы бар бастамаларға да белсенді қатысады. 
– Балабақша ұжымына көрсетілген бұл көмек — бірлік пен жанашырлықтың нақты көрінісі. Мұндай шаралар алдағы уақытта да жалғасын табады, – деді.
Балабақша ұжымы көрсетілген қолдау үшін алғысын білдірді.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив