A+ A A-

talgatzhan 14 Бүгін, 14:10 0

Өскемен тұрғындары Президенттен қала экологиясын жақсартуды сұрайды

Бүгін / Өскемен

Белсенділер қаланы «экологиялық апат аймағы» деп жариялауды талап етуде, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Сары қардан секем бар
Жарияланған үндеу өмір сүруге және қоршаған ортаға деген конституциялық құқық қорғаудың соңғы инстанциясы ретінде әзірленді. Қасым-Жомарт Тоқаевтан басқа, сенаторлар мен парламент мүшелерінен де көмек сұрады. Тұрғындар өнеркәсіптік деген мәртебеге ие қаланы барынша қолдап жатқандарымен, түтінге уланып, жауған сары қар ауа ластануының белгілері екенін айтты. Айтуларынша, соның әсерінен терезені де ашу мүмкін емес. Күкірт сутегі мен күкірт диоксиді деңгейі нормалардан үнемі бірнеше есе асып түсетін көрінеді. Сонымен қатар, қалада қатерлі ісік және тыныс алу жолдарымен ауыратындар да көбейген. Белсенділер аймақтың табиғатты қорғау ведомствосы қызметкерлерін үйлестіруді және өнеркәсіп шығарындыларын тексеру үшін тәуелсіз халықаралық сарапшыларды қосуды талап етті. 
– Кейінгі жылдары таңқаларлық шындық ашылды. Қаланың экологиялық қауіпсіздігі жай ойынға айналды. Миллиондаған доллар пара алғаны үшін сотталған ШҚО экология департаменті басшыларына (ӘЛИЕВ, ТҰРАРОВ, БҰТАБАЕВ) қатысты бірқатар қылмыстық іс олардың азаматтарды қорғау үшін емес, экологияны ластаушы мүдделерге  қызмет еткенін дәлелдейді. Шенеуніктер байып жатқанда, ауадағы күкіртсутегі мен күкірт диоксиді деңгейі стандарттардан асып түсті, – делінген Президентке жолданған хатта.

«Бос уәде беріліп келеді»
Сонымен қатар, тұрғындар I санаттағы кәсіпорындарға арналған экологиялық рұқсаттарды қайта қарау және деректерді түзету құқығынсыз нақты уақыт режимінде онлайн шығарындыларды бақылауды енгізу керек деп санайды. Олардың пікірінше, Өскемен мен оның айналасындағы аумақтарды «экологиялық апат аймағы» ретінде тану керек. Бұл өз кезегінде шаһар  тұрғындары үшін тиісті әлеуметтік, денсаулық сақтау жеңілдіктерін және мерзімінен бұрын зейнетке шығуды да қарастырады. 
– Қаншама жыл бізге жеке сектордан және ЖЭО-нан түсетін жүктемені азайту үшін аймақты газдандыру туралы бос уәде берілді. Бұл уәделер қағаз жүзінде қалды да, бюджеттер тиімсіз жобаларға жұмсалады. Біз Президенттің жеке бақылауымен облысты газдандырудың нақты, заңды түрде белгіленген мерзімдерін талап етеміз. Құрметті Президент! Депутаттар! Бізге бюджеттің өтірік ресми есептері қажет емес, таза ауа керек. Біз пара алатын жемқор шенеуніктерді түрмеге жабуды емес, нақты шараларды қабылдауды талап етеміз. Өскемен – бұл тек зауыт қаласы ғана емес, тыныс алуға құқылы адамдар өмір сүретін шаһар, – деп қорытындылады жарияланған құжаттың авторлары.

Аңсар НҰРЛЫБЕК

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив