A+ A A-

talgatzhan 31 Бүгін, 16:00 0

Өскеменде зағип жандарға арналған кітапханада сейсмикалық жаттығу өтті

Бүгін / Өскемен

Өңірде зағип және көзі нашар көретін жандардың төтенше жағдайлар кезіндегі қауіпсіздігін арттыру мақсатында арнайы сейсмикалық жаттығу ұйымдастырылды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі

Іс-шараны облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің құтқарушылары өткізді. Жаттығу облыстық зағиптар мен көзі нашар көретін адамдарға арналған арнайы кітапханада өтті. Алдымен қатысушыларға төтенше жағдайларда, оның ішінде жер сілкінісі мен өрт кезінде өзін-өзі ұстау тәртібі түсіндірілді. Құтқарушылар мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған арнайы әзірленген аудио-дәрістерді таныстырды.
Одан кейін кітапхана ғимаратында практикалық сейсмикалық жаттығу өткізілді. Онда қатысушылар жер сілкінісінің алғашқы дүмпулері кезінде дұрыс әрекет ету, қауіпсіз орындарды анықтау және эвакуациялау тәртібін пысықтады.
– ШҚО ТЖД бастығының орынбасары Исхар Савазовтың айтуынша, мүмкіндігі шектеулі адамдар төтенше жағдайлар кезінде ерекше осал топқа жатады және олар үшін дайындық өткізудің маңызы зор, – деді ол.
Айта кетейік, шара соңында ШҚО ТЖД мен арнайы кітапхана арасында азаматтардың қауіпсіздік мәдениетін арттыру және төтенше жағдайлардың алдын алуға арналған меморандумға қол қойылды.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив