A+ A A-

talgatzhan 30 Бүгін, 17:15 0

ШҚО-да «Қауіпсіз жол» жедел алдын алу шарасы басталады

Бүгін / ШҚО

23-25 ​​қаңтар аралығында облыс аумағында «Қауіпсіз жол» республикалық жедел алдын алу шарасы өтеді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Полиция қызметкерлері жолдарда жылдамдықты асыру, мас күйінде көлік жүргізу, қауіпті басып озу, қарсы жолаққа шығу, қауіпсіздік белдігін тақпау сынды ереже бұзушылықтарды анықтайды.

Сондай-ақ оң жақ рульді көліктерге такси қызметін көрсетуге тыйым салынады. 

Жол ережесін бұзғандар жауапкершілікке тартылады.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив