Көптен күткен көпір 21 қазан күні ресми түрде ашылды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Мемлекет басшысының тапсырмасымен нысан құрылысы 2020 жылы басталған еді.
- «ОблШығысЖол» компаниясына климаттық және географиялық жағдайларға қарамастан, жобаны мерзімінен бес ай бұрын аяқтаған барлық жобалаушыға, мердігерлер мен құрылысшыларға алғысымды айтамын. Көпір құрылысында ең озық технологиялар мен әдістер қолданылды, - деді аймақ әкімі.
Оның айтуынша, бұл көпір жаңа логистикалық және туристік бағыттардың бастауына айналады. Өңір халқының мәселелерін шешіп, тұрғындардың аудандарға оралуына да ықпал етеді.
Пікірлер