Медициналық мекеме кезең-кезеңімен жаңартылуда, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Ауруханаға “Incisive CT” заманауи компьютерлік томограф (Philips моделді) жеткізілді. Бұл құрылғы дәрігерлерге диагнозды жылдам әрі дәл қоюға мүмкіндік береді.
Қазір аппаратты іске қосу жұмыстары жүргізілуде. Ақпан айынан бастап КТ толық режимде жұмыс істей бастайды.
- Аурухананы жаңарту тек ғимаратты жөндеумен шектелмейді. Материалдық-техникалық база да қалпына келтірілу үстінде. Аталған жұмыстар аурухана ұжымы мен ШҚО Денсаулық сақтау басқармасымен бірлесіп, бекітілген жоспар бойынша атқарылуда, - деді ШҚО әкімінің бірінші орынбасары Жақсылық Омар.
Балауса ОРАЗАЛЫҚЫЗЫ
Пікірлер