ШҚО Полиция департаментінің ақпаратынша, 21 қаңтар сағат 14:50-де Өскемен — Семей тасжолының 25-ші шақырымында DAF XF маркалы жүк көлігі аударылып қалды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Анықталғандай, жүргізуші ауа райының қолайсыздығы мен жол төсемінің жағдайын ескермеген.
- Оқиға орнына жедел түрде ШҚО Полиция департаменті патрульдік полиция батальонының қызметкерлері келіп, жол қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша тиісті шаралар қабылдап, жүргізушіге көмек көрсетті. Сондай-ақ еріктілер тартылып, жүктің бір бөлігін түсіруге атсалысты. Төтенше жағдайлар қызметінің қызметкерлері жүргізушінің түнде қауіпсіз жағдайда болуы үшін жылыту бекетін орнатты, - делінген ресми мәліметте.
Ал 22 қаңтарда жүк көлігі арнайы техниканың көмегімен эвакуацияланды.
Пікірлер