Былтыр елімізде дәрі-дәрмекке бекітілген бағадан асыру деректері жөнінде 54 арыз түскен. Бұл сұраққа ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті жауап берді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі KAZINFORM сайтына сілтеме жасап.
- 2025 жылғы Комитет департаменттеріне дәрі-дәрмекке бекітілген шекті бағадан асыру деректері жөнінде 54 арыз келіп түсті. Бұл шағымды қарау нәтижесінде дәрілік заттар бойынша шекті бағадан асырудың 15 фактісі анықталды және жалпы сомасы 3,1 млн теңге көлемінде әкімшілік хаттамалар толтырылды, - делінген ведомствоның Kazinform агенттігіне берген жауабында.
Айта кетейік, бұған дейін 2025 жылы тіркелмеген дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сақтау және сату фактілері бойынша 161 әкімшілік хаттама толтырылды. Бұл тұрғыда жалпы сомасы 77 млн теңге сомасында материалдар сотқа жіберілді.
Пікірлер