A+ A A-

talgatzhan 0 Бүгін, 11:50 0

ШҚО-да қатерлік ісіктің 2556 жаңа жағдайы тіркелді

Бүгін / ШҚО

Анықталғандай, облыс бойынша 15 134 науқас диспансерлік есепте тұр, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

ШҚО Көпсалалы онкология және хирургия орталығының директоры Гүлмира Сағидуллинаның айтуынша, былтыр қатерлік ісіктің 2556 жаңа жағдайы тіркелді. 
- Басты мақсат - жаман ауруды ерте кезеңде анықтау. Барлығын ерте диагностика анықтайды. 2025 жылы 140 мыңнан астам облыс тұрғыны скринингтен өтті. Бұл қатерлі ісіктің асқынған түрлерін азайтуға мүмкіндік береді, - деді Гүлмира Сағидуллина. 
Айта кетейік, бүгінде Самар және Күршім аудандарында онколог мамандар тапшы.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив